00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенат волонтерлік қызметті дамытуға арналған заңды қабылдады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат волонтерлік қызметті дамытуға арналған заңды қабылдады
ашық дереккөз

Отырыс барысында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынды. Аталған құжат стрестік активтер нарығында қолданылатын нормативтік-құқықтық базаны жетілдiруге бағытталған.

Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданып отыр. Жаңа нормалар стрестік активтер нарығында қолданылатын құқықтық тетіктерді жетілдiруге және осы саланың өсуіне жағдай жасауға арналған. Сондай-ақ заң инвесторлардың стрестік активтер нарығына қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы осы бағытты одан әрі дамытуды көздейді. Жаңа талаптар бұл саладағы рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын да қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта заң проблемалық активтерді экономикалық айналымға тартуға мүмкіндік бере отырып, бизнес ортаны жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенаторлар отырыс кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қарап, қабылдады.

Сонымен қатар Палата отырысында депутаттар волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Бұл жөнінде пікір білдірген Мәулен Әшімбаев заң бірқатар қоғамдық қатынасты реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіретінін айтты.

Осы заң арқылы азаматтардың қайырымдылық пен волонтерлікке жүйелі негізде қатысуын ынталандыру көзделген. Сондай-ақ бұл құжат осындай әлеуметтік пайдалы қызметпен айналысу мәдениетін дамыту үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастырады. Заңда гранттық қаржыландыру процесінің ашықтығын, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін және олардың тұрақты дамуын арттыруға арналған нормалар бар. Сонымен қатар халыққа дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық шешімдер белгіленген. Алдағы уақытта бұл заң елімізде қайырымдылық пен волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз, – деді Сенат төрағасы.