2 қыркүйекте Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

фото: akorda.kz
2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:38
Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін, 09:07
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

17 қазан, 2025
Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр

17 қазан, 2025
«Орталық Азия + Жапония»: желтоқсанда Токиода өтетін Саммитке дайындық мәселелері талқыланды