16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті.
Қатысушылар кездесу өткізіп, іскерлік таңғы ас форматында сөйлеседі. Сөзінше, таңғы асқа Ресей Президенті Владимир Путин де қатысады.
16 мамырда ҰҚШҰ құрылуына 30 жыл толуына орай мүше елдер Мәскеуде саммит өткізеді. Бұл көшбасшылардың кездесуі әрі іскерлік таңғы аста жекелей сөйлесуі ретінде де өтеді. Іс-шара аяқталған соң журналистерге ақпаратты ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен Армения Премьер-министрі Николь Пашинян береді, – деді Песков.
ҰҚШҰ құрамында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды
20 қараша, 2024
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты берік байланыс орнатты – Тоқаев