Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесі қайта қаралады – Ұлттық экономика министрі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесі қайта қаралады – Ұлттық экономика министрі
ашық дереккөз

Жүйелі іс-шаралар аясында тұтыну қоржынына кіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін және басқа да азық-түлік тауарларын тұтынудың/өндірудің болжамды теңгерімін құру, мониторинг нәтижелері бойынша жедел ден қою іс-шараларын қабылдау жоспарлануда. Қабылданған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде тауарлар дефицитін болдырмай отырып, инфляцияны және оның компоненттерін мақсатты дәрежеде ұстап қалу күтілуде. Мемлекеттік қолдау іс-шараларына қол жеткізудің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында оларды алушылардың қарсы міндеттемелерін белгілей отырып, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесі қайта қаралады. Қабылданып жатқан іс-шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға және бизнес ахуалды, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады, - деді Әлібек Қуантыров.