ТЖМ қызметкерлері шетел азаматын құтқарды
23 ақпан, 2025


Фото: Freepik
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін Ақтөбе облысының 112 пультіне Қарғалы ауданының Бадамша ауылынан 40 шақырым жерде автожолдың жабық учаскесінде жүк автокөлігі істен шығуына байланысты тоқтап, қозғалысты жалғастыра алмайтынын туралы хабарлама келіп түсті », - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына дереу жіберілген ТЖМ құтқарушылары тоңып қалған жүргізушіні жақын жылыту пунктіне эвакуциялады.
Медициналық көмекке мұқтаж болмаған Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан құтқаругшыларына алғысын білдірді.
ТЖМ жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеріп, алыс жолға шығудан бас тартуға кеңес береді!
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады