00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елбасы Нұр-Сұлтанда және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елбасы Нұр-Сұлтанда және Президентпен тікелей байланыста – Айдос Үкібай
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде осылай деп жазды.

Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесу өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста, - деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады, - дейді А. Үкібай.