Қасым-Жомарт Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Ұқсас жаңалықтар
30 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
30 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
30 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
30 қазан, 2025
Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
