«Өзім реанимация жасадым»: Шерзаттың әкесі ұлының жан тапсырған сәтін айтып берді

18 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Өзім реанимация жасадым»: Шерзаттың әкесі ұлының жан тапсырған сәтін айтып берді
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Шерзат Полаттың қазасына қатысты істің сот отырысында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шерзаттың әкесі оқиға орнында қанша адам болғанмен, ешқандай көмек болмағанын айтты. Сөйтіп, ол ұлы мен інісін реанимацияға қалай жеткізгені туралы айтты.

«Мен Шерзатты көлікке салғанда соңғы демдерін алып жатқан болатын. Машинаға алған кезде балада пульс болды. Мен ауруханаға жеткізуге асықтым. Жолда кетіп бара жатып жылдамдықты асырдым. Сол кезде бала орнынан жылжып кетті. Тоқтадым. Қарасам, жаны шығып кетіпті. Пульс болмай қалды. Өзім реанимация жасадым, болмады. Сонда да орталық ауруханаға апардым», - деді ол.

Ауруханаға жеткен соң Шерзат пен Нұрқанат реанимацияға кіргізілген. 

«Нұрқанатты да кіргізді. Кейін оны қарау палатасына ауыстырды. Ол үш рет пышақталған екен. Басынан ауыр жарақат алып, миы қозғалған. Сол жерде Шерзатқа қатысты реаниматологтар кешірім сұрап шықты», - деді Қаржаубай Нұрымов.