00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жол ережесін 111 рет бұзған астаналық жүргізуші ұсталды

25 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жол ережесін 111 рет бұзған астаналық жүргізуші ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Жол ережесін 111 рет бұзған астаналық жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Көлік жүргізушісі Астанада, Таразда және еліміздің басқа өңірлерінде 111 рет жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, барлығы 2,5 миллион теңгеден астам сомада айыппұлы болған. Көбінесе жылдамдық режимін асырғаны үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер мен камераларға түскен. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

«Қорғау» мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты түрде қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында енгізілді. Онда Ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері, мобильді қосымшалары біріктірілген, ондағы мәліметтер полицейлердің планшеттеріне түседі, - делінген хабарламада

Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, бағыттамалар бойынша іздестірілетін көліктер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушыларды және тағы басқа бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.