Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

фото: Polisia.kz
Жамбыл облысында полицейлер республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 3 келіден астам кептірілген марихуананы сақтау дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адамды полиция қызметкерлері Аса – Тараз автожолында Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезінде тоқтатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орнынан есірткі салынған түйіншектерді алып кеткен. Есірткі заты көлік ішінен табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұқсас жаңалықтар

19 қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында полицейлер мал ұрлығына күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады

19 қыркүйек, 2025
«Заң және тәртіп»: елордада үйінде есірткі өсірген ер адам ұсталды

19 қыркүйек, 2025
Астанада ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 азамат сотталды

19 қыркүйек, 2025
Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасағандар сотталды