Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

13 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views60
Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында Сузуки автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тексеру кезінде көліктен Қазақстанның Қызыл кітабына енген бір ителгі және тұзақ ретінде пайдалану мақсатында алты көгершін табылып, тәркіленді.

«Ұсталған 55 жастағы ШҚО тұрғыны барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы құстар Өскемен қаласындағы мемлекеттік зообаққа тапсырылды», - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және еліміздің флорасы мен фаунасын қорғауға шақырады.