Теміржолдан студенттің денесі табылды
7 қазан, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы Бурабай шипажайы – Жамантұз учаскесінде табылды.
6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, соның салдарынан теміржол көлігін пайдалану және көлік құралын пайдалану қауіпсіздігін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті көліктегі полициядан.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды