00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТЖМ комитет төрағасы мен екі облыстың департамент басшысы ұсталды

24 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТЖМ комитет төрағасы мен екі облыстың департамент басшысы ұсталды
фото: freepik

Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, деп хабарлады Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сондай-ақ, күдіктілердің басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде.

 Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.