00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сот орындаушы өндірілген алиментті өзі пайдаланып келген

28 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сот орындаушы өндірілген алиментті өзі пайдаланып келген
Фото: коллаж Elordainfo.kz

Көрсетілген уақыт ішінде баланы асырауға сот орындаушысының арнайы шотына борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған. Алайда, сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Сот орындаушысы бұл әрекетімен тоқтамай, алимент аударушының адалдығына қарамастан, борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдаған. Оның жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды,- деп жазды Алматы облысы прокуратурасының баспасаөз қызметі.

Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, қабылданған шаралармен борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтірілді және ол бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.