00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шымкентте әкімдік алдындағы субұрқаққа 10 жасар бала батып кетті

25 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шымкентте әкімдік алдындағы субұрқаққа 10 жасар бала батып кетті
фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы субұрқаққа 10 жасар бала батып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті. Өкінішке қарай, полицейлер судан оның өлі денесін алып шықты.

24 шілде сағат 19:14 шамасында Қаратау АПБ 102 арнасына әкімдік ғимаратының алдында кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар келіп түскен. 

Оқиға орнына жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, субұрқаққа шомылып жүрген 10 жасар бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болғаны анықталды. Жасөспірімнің бойында ешқандай көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Кәмелетке толмаған баланың өлімін полицейлер Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді, - делінген хабарламада. 

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.