Шымкентте көлік қозғалысына кедергі келтірген бұзақы жауапқа тартылды

13 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views57
Шымкентте көлік қозғалысына кедергі келтірген бұзақы жауапқа тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкентте көлік қозғалысына кедергі келтірген бұзақы жауапқа тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 20 жастағы автокөлік жүргізушісін полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Ер адам көлік қозғалысы көп көшеде авариялық жағдай туғызып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген. Ол көлік құралынан қою түтін шығарып, жолды көру мүмкіндігін нашарлатып, қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірген.

Патрульдік полицейлер құқық бұзушыны тоқтатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырды. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол жүру ережесін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады.