Шымбұлақтағы аспалы жол тоқтап қалды (ВИДЕО)

фото: ТЖМ
Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар кабинада қалған адамдарды альпинистік құрал-жабдықпен төменге түсірді.
«Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 20 адамды альпинистік құрал-жабдықпен түсіріп, Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялады»,- делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді. Оны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:54
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарулар мен полиция жабдықтары табылды

Бүгін, 13:31
Ішкі істер министрлігі қару жасырылған 12 қойманы анықтады

Бүгін, 13:12
«Заң және тәртіп»: Астанада есірткі қылмысына қатысы бар бірнеше күдікті ұсталды

9 қыркүйек, 2025
Қарағандыда ірі көлемдегі есірткі арнасы анықталды