Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді
фото: depositphotos.com

"Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 ақпан күні Астана уақытымен 06:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Зілзаланың эпицентрі Ресей Федерациясы аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км қашықтықта орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында есептелген жер сілкінісінің қарқыны:

Қатонқарағай ауылы – 3 балл;

Марқакөл ауылы – 3 балл;

Үлкен-Нарын ауылы – 3 балл;

Алтай қаласы – 3 балл;

Буран ауылы – 3 балл;

Риддер қаласы – 2 балл;

Зайсан қаласы – 3 балл;

Күршім ауылы – 3 балл;

Самар ауылы – 3 балл.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

"Қазселқорғау" мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін қаупі бар және сел жүруі мүмкін аймақтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды мүмкін болатын зақымдануларға тексеру мақсатында мониторинг жүргізді.

Тексеру кезінде ешқандай зақымдану анықталған жоқ, барлық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты.