Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталды - ІІМ

9 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталды - ІІМ
фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Polisia.kz жазуынша, шара барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар бұрын ұрланған жеті қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады.