13 тоннадан астам кокаин партиясы: есірткі контрабандасы халықаралық арнасының жолы жабылды

фото: видеодан кадр/ҚР ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Уақтылы қабылданған шаралармен Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.
Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді.
Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:39
Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

Бүгін, 09:42
Газ тапшылығы бола ма: министрлік Орынбор зауытындағы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады

20 қазан, 2025
Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

20 қазан, 2025
Полицейлер 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты (ВИДЕО)