Алтынның құны 60 мың теңгелік межеден жоғары деңгейге тұрақтады

Бүгін, 17:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views70
Алтынның құны 60 мың теңгелік межеден жоғары деңгейге тұрақтады
Фото: canva.com

Алтынның 1 грамының құны Ұлттық банктің индикативті түрде есептеуімен 4 қыркүйекте 61,4 мың тг деңгейін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz DATA HUB-қа сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері алтынның теңгедегі құны номиналды түрде 37%-ға өсіп үлгерген. Ал тұтынушылық инфляцияны ескерер болсақ, онда шамамен төрттен біріне өскен. Бұл ретте валюта бағамы айтарлықтай әсер етіп отырған жоқ: доллар қазіргі таңда жыл басындағы деңгейден сәл ғана жоғары.

Сондықтан өсім негізінен алтынның қымбаттауы әсерінен болып отыр. Қымбат металлдың нарықтағы құны жаһандық белгісіздікке байланысты (алтын – қорғаныс активі) рекордтарды жаңартып жатыр. Сонымен қатар бағалардың өсуіне АҚШ ФРЖ мөлшерлемесін төмендету жөніндегі күтулер мен әлсіз доллар әсер етуде.

Анықтама: ҚР ҰБ 1 грамм алтынның құнын сол күнгі ресми теңге бағамы мен алдыңғы күннің таңертеңгі LBMA Gold Price (әлемдік бенчмарк) мәндері негізінде есептейді.