СҚО-да серіктестіктегі бұзауларды шаруашылық қызметкерлері ұрлаған

25 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
СҚО-да серіктестіктегі бұзауларды шаруашылық қызметкерлері ұрлаған
Фото: Polisia.kz

Полицейлер СҚО шалғай аудандарының бірінде жасалған ірі көлемдегі мал ұрлығын ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тимирязев ауданының полиция бөліміне мал ұрлығы фактісімен жергілікті ЖШС-тің директоры жүгінді. Шаруашылығындағы мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бас бұзауының жетіспейтінін анықтаған. Келтірілген залал сомасы 5 млн 800 мың теңгені құрады. ЖШС аумағына күзет қойылмаған, бейнебақылау камералары орнатылмаған. Ұрлық соңғы айда жасалған болуы мүмкін.

«Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысының қатыстылығын анықтады. Күдіктілердің сөзінше, бұзаулар бірнеше рет ұрланған және СҚО ауданының әр түрлі адамдарына сатылған. Қазіргі уақытта құжаттарының бар-жоғын сұрамай сатып алған адамдардан 25 бас бұзау қайтарылды, бұл жұмыс жалғасуда. Ірі көлемде мал ұрлағандары үшін күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасын арқалаулары мүмкін», - делінген хабарламада.

Полицейлер ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз мүліктерін сақтау және шаруашылықтарының техникалық қорғалуын нығайту шараларын қабылдауға шақырады.