Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Elorda.info.
1. Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады" - делінген қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың атынан жарияланған құжат мәтінінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семей қаласының көшелерін еріген қар суы басқан болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінде хабарлағандай, Красин, Садовая және Менжинского көшелерінің бойындағы аула аумақтарынан су тарту жұмыстары жүргізілді.