СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар бес адам ұсталды

13 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views70
СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар бес адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен 19 бен 24 жас аралығындағы бес облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны халықаралық интернет-алаяқтық желісіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деген күдікке ілінді. Ол төрт адамның әрекетін үйлестіріп отырған.

Күдіктілер өз кезегінде қылмыстық жолмен табылған қаржыны аудару және қолма-қол алу үшін банк шоттары мен төлем карталарын пайдаланатын адамдарды ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған сегіз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Бұл фактілер бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құрайды.

- Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлнұр Ахмедьяров.