Үржардағы жол-көлік оқиғасы: Елордаға жеткізілген балалардың жағдайы белгілі болды

Бүгін, 12:57
Айман Нығмет Айман Нығмет
views56
Үржардағы жол-көлік оқиғасы: Елордаға жеткізілген балалардың жағдайы белгілі болды
фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Абай облысы Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасының зардап шеккен екі бала елордадағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Балалардың бүгінгі жағдайын білу үшін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдадық. Басқарма мәліметінше, олардың жағдайы әлі де ауыр.

«21 тамыз күні Абай облысынан елордаға жеткізілген балалардың жағдайы әлі де ауыр. Екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр»,- делінген хабарламада.

Ал жол-көлік оқиғасынан аман қалған тоғыз жасар қыз бала Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д. Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды.

Үржар аудандық ауруханасы таратқан ақпаратқа сәйкес, қыз баланың жағдайы өте ауыр. Ол қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр. 

Еске сала кетейік, Бестеректегі жол-көлік оқиғасынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды

Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алған. 

Үржардағы жол апатына күдікті 55 жүргізушінің баласы әкесінің оқиға кезінде жүрек талмасы ұстап қалғанын айтты.