00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Рудный қаласында кәмелетке толмаған дроппер ұсталды

13 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Рудный қаласында кәмелетке толмаған дроппер ұсталды
Фото: polisia.kz

Көршілердің қырағылығы 84 жастағы әжейдің жеке қаражатын алаяқтан сақтап қалуға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz сайтының жазуынша, 17 жастағы жігітті полицейлер «алданған»  зейнеткерге барған кезінде ұстаған.

Алаяқтардан қоңырау кешке келіп түскен. Ер адам өзін полиция майоры ретінде таныстырды және әжейдің  немересі адамды көлікпен қағып кеткенін айтып сендірген.  Немересінің ісін сотқа жеткізбей бітіру үшін белгілі бір соммадағы ақша төлеу қажет екендігін айтқан. Жәбірленуші алдымен абдырап қалған. Алайда әңгімені үзбестен кеңес алу үшін көршісіне барған. Көршісі полиция шақырған. Осы уақытта тұрғын алаяқтармен 1 млн теңгеден астам көлемінде ақша беру туралы келісіп қойған.

Мекенжайға полицейлер жедел жеткен.  Олар үйге жақындаған сәтте күдікті жас жігітті байқады. Кейінірек белгілі болғандай, бұл ақшаға келген дроппер екені анықталды, – деді мүліктік қылмыстар бөлімінің бастығы Мадьяр Тажин. 

Көрші егде жастағы әйелдің қырағылығы қылмыскерді ұстауға көмектесті. Оның айтуынша, бір күн бұрын учаскелік полиция инспекторлары келіп,  алаяқтар қандай схемаларды қолданатынын айтқан.

Бұл жұмысты тәртіп сақшылары “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізеді. Учаскелік полиция инспекторлары халықтың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіп қана қоймай, алаяқтық тәсілдері туралы да айтады, – деп атап өтті Мадьяр Тажин. 

Жас жігіт колледж студенті екені анықталды. Ол қосымша ақша тапқысы келген. Жұмыс туралы ұсынысты Instagram арқылы тапқандығын айтты. Кейінірек жұмыс беруші онымен Telegram арқылы хабар алмасқан. 

Мен бұл ісімнің қылмыс екенін білмедім. Маған “ Біз көрсеткен мекенжайларға барып, ақша алып, оларды біз көрсеткен банк есепшотына жібересіз”, - деп айтты. Мен бұл еібегім үшін соманың 3 пайызын өзіме алдым. Осылайша, бір апта ішінде мен 300 мың теңгеден астам табыс таптым. Мен не істеп жатқанымды білсем, ешқашан ондай қадамға  бармас едім, – деді күдікті студент. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.