00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресей азаматы Шарын шатқалында жартастан құлап кетті

20 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей азаматы Шарын шатқалында жартастан құлап кетті
Фото: ТЖМ сайтынан

2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info

Тқтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын  шатқалындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған.  

Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды. Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 20.08-де әйел адам құтқарылды,-делінген ведомство таратқан мәліметте. .

Осы орайда, Алматы облысы ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.