00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полиция журналисті шешіндіру әрекетіне қатысты түсінік берді

14 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полиция журналисті шешіндіру әрекетіне қатысты түсінік берді

Жетісу облысының полициясы  журналист Сандуғаш Дүйсенованы не үшін жалаңаш видеоға түсіргені туралы түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.

 

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алғаны туралы ақпарат таратылуда. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында  азамат С.Д.-ға жеке тінтуі жүргізілгенін хабарлаймыз. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі - деп жазды Жетісу облысының полициясы. 

Құзырлы орган, сондай-ақ, журналисті жеке тінту нәтижесінде тыйым салынған заттар табылмағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін журналист Сандуғаш Дүйсенова изоляторда қандай қорлық көргенін жариялаған болатын. Ол тергеу кезінде төстартқышсыз ер адамдардың алдында жүруіне тура келгенін жазған.