Оралда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

фото: видеодан алынған кадр/ t.me/krispastana
Орал қаласында қоқыс контейнерінің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар жаңа туған сәбидің мәйітін тауып алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл оқиға туралы бейнежазба Kris_p_astana Telegram-арнасында жарияланды. Қоқыс контейнері Зачаганск ықшам ауданындағы Бірлік көшесі, 17-үйдің жанында орналасқан.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.
«Орал қаласында жаңа туған сәбидің мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:42
ҚМА есірткі саудасымен айналысушыларға қызмет көрсеткен криптоайырбастау сервисінің жұмысын тоқтатты

Бүгін, 11:21
Қолайсыз ауа райы: Қостанайда жол жиегіне түсіп кеткен 9 көлік шығарылды

Бүгін, 11:02
Ішкі істер министрлігі 40 мың есірткі таблеткасын тәркіледі

26 қыркүйек, 2025
Құрылысшы мен «қонақ»: Атырауда мигранттар жазаланды