00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлытау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

13 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлытау облыстық Мәдениет басқармасының басшысы сотталды
Фото: freepik.com

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Elorda.info.

Аталған лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС келісім-шартқа отырған мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. 

Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілді.

Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.