00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдаған 22 жастағы елордалық ұсталды

22 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдаған 22 жастағы елордалық ұсталды
фото: polisa.kz

Астана қаласы, Алматы аудандық ПБ-ның қызметкерлері «Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 25-ке жуық азаматты ғаламтор желісінде алдап кеткен 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігіт Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандықтардың қайталанатын аккаунттарын ашып, содан кейін зардап шеккендердің достарынан ақша сұраған. Атап айтқанда Шымкент қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 30 мың теңгені өзінің танысы деген азаматқа аударғанын айтқан. 

Белгілі болғандай, қаскүнем жәбірленушіге жалған аккаунттан жазып, ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, соманы оның есепшотына аударуды сұраған. Осылайша, ол азаматтардың әрқайсысынан 10-30 мың теңге көлемінде ақшаларын иемденіп, алдап кеткен,- деп жазды дереккөз.  

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.