«Крем ретінде рәсімдеген»: 700 келіден астам героинді елге әкелмек болған екі шетелдік сотталды

фото: Оңалхан Өнерхан
2024 жылғы мамыр айында Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 кг героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, есірткі аяқ киімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

9 қазан, 2025
Ерболат пен Эльмира Жанабыловаларға қатысты сот қорытындысы өзгеріссіз қалдырылды

9 қазан, 2025
«Жиһаз сатамын»: Астана тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

9 қазан, 2025
Астанада аялдама әйнегін сындырған тұрғын қамауға алынды

9 қазан, 2025
Мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп науқастардан ақша алған дәрігер сотталды