Елордалық полицейлер күнбағыс майын ұрлаған күдіктіні ұстады
фото: polisia.kz
Астана супермаркеттерінің бірінде күнбағыс майын ұрлаған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күндізгі уақытта белгісіз адам супермаркетке келіп, клиент кейпінде тауарларды арбаға асықпай тиеп, содан кейін еш кедергісіз дүкеннен шығып кеткені белгілі болды.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер бұрын сотталған 21 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
29 қазан, 2025
«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңгені алаяқтықпен алған күдікті ұсталды
29 қазан, 2025
Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерді эвакуациялады
29 қазан, 2025
Құлсары қаласында көшеде жүрген түйе баланы таптап кетті
29 қазан, 2025
Жамбыл облысында оқушының сабаққа қатыспағаны үшін ата-анасы жазаланды
