00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көкшетауда 14 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған

10 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көкшетауда 14 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған
Фото: дереккөз

Көкшетауда тәртіп сақшылары көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Elorda.info Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 9 мамырда сағат 16:10 шамасында Жедел басқару орталығына хабарланған. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген.

Шақыру орнына патрульдік полиция қызметкерлері Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар бағытталды. Сол маңдағы полиция бекетінде болған тәртіп сақшысы Нариман Нұржаксин бірінші болып жетті. Тәртіп сақшылары 12-қабатқа жоғары көтеріліп, үйдің шатырында тұрған қызды райынан қайтарып, төмен түсірді, - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, полиция 2009 жылғы жасөспірімнің мұндай әркетке бару себебін анықтап жатыр.