Ертіске құлаған көліктен бір адамның денесі шығарылды – ТЖМ

Фото: Polisia.kz
Бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл көлік бетон қоршауға соғылып, өзенге құлап түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көлікте 4 адам болған. Жолаушының бірі көліктен шығып, жағаға жүзіп жеткен. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Оқыс оқиға орнына шақыртумен барған ТЖМ қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмысына кірісті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір адамның денесін тауып, судан алып шықты, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта құтқару операциясына 55 құтқарушы, 5 қайық, 2 дрон, су асты эхолоты, 10 техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, Абай облысында көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:18
Сот орындаушысы алимент төлеуге арналған 2 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Бүгін, 11:39
Түркістан облысында 56 жастағы азамат әйелін балғамен ұрып өлтірген

Бүгін, 11:21
Астанада Жанабыловтардың ісі қаралып жатыр: әкімшілік істен қылмыстыққа ауыстырылуы мүмкін

Бүгін, 09:31
Астанада ер адам тірі ата-анасының «жаназасына» әріптестерінен ақша жинаған