00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер автокөлік бөлшектерін ұрлаған азаматты ұстады

25 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер автокөлік бөлшектерін ұрлаған азаматты ұстады
фото: gov.kz

Елордалық полицейлер гаражға ұрлыққа түскен азаматты анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке мүлікті ұрлау туралы полицияға үй-жайдың иесі хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз бір адам кешкі уақытта металл сынығын пайдаланып, құлыпты бұзу арқылы гаражға заңсыз кірген. 25 жастағы астаналық азамат сағат 18:00-де, қоршаудан өтуге болатын жерді байқап, Қараменді би Шақаұлы көшесіндегі гараж кооперативтерінің біріне жасырын кіріп кеткені анықталды. Күзетшінің жоқтығын пайдаланып, ер адам гаражға кіріп, құрылыс құралдары мен автокөлік бөлшектерін ұрлаған. Ол ұрланған заттарды шығарып, алыс танысының көлігіне тиеген. Үй-жай иесіне келтірілген шығын 600 мың теңгеге бағаланды. Күдікті кілттер жиынтығын, перфоратор және басқа да мүліктерді ұрлап үлгерген. Ер адамды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады, ол мойындау көрсетпелерін берді. Оның бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сонымен қатар күдікті пробация есебінде болғандығы анықталды. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жас жігіт қамауға алынып, ПД УҰИ-ға орналастырылды. 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға бейнебақылау камералары мен терезелеріне металл торларды орнатуды ұсынады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.