00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордада кәмелетке толмаған 1500-ден астам бала түнде қараусыз жүрген

Елордада кәмелетке толмаған 1500-ден астам бала түнде қараусыз жүрген
Оңалхан Оңерхан

Жыл басынан бері  елордада түнгі уақытта үйінен тыс жерде жүрген 1500-ден астам кәмелетке толмаған бала анықталды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер жергілікті жерде рейд жүргізді. Онда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшелері және қалалық әкімдік қызметкерлері де қатысты.

Рейд аясында ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың бар-жоғы тексерілді. Жирентаева көшесіндегі қаладағы компьютерлік клубтардың бірінде өткен іс-шараның қорытындысы бойынша 16 және 17 жастағы кәмелетке толмаған 2 жасөспірімнің болғаны анықталды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін әкімші ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері 1500-ден астам кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен 100-ден астам ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды өкілдер 442-баптың 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін), сонымен бірге кәмелетке толмағандардың сауықтыруға рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық мекемелерінің 70-тен астам иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша тиісті жаза қарастырылды.

Астана қалалық полиция департаменті ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауды ұсынады, себебі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.