Елордада көпқабатты тұрғын үйдің лифтісінде бұзақылық жасаған әйел ұсталды
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз адам лифтте бұзақылық жасады. Бүгінде кінәлі адам табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Жирентаев көшесіндегі көпқабатты үйде болған.
Белгісіз адам лифтке кіріп, оны тепкілей бастаған, сонымен қатар кабинаны жұдырықпен ұрып, тырнап, түкірген.
Алматы аудандық Полиция басқармасының полицейлері қылмыскердің жеке басын анықтады. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оны уақытша ұстау бөлмесіне орналастырды.
Осы іске қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны және жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Айта кетейік, елордада вандализмнің кез келген көріністерімен белсенді күрес жүргізілуде.
2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің жүзден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті патрульді екі мыңнан астам полиция қызметкері жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік, елордада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, пікір көшбасшылары, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жалғасуда.
Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.