00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Шымкентте жоқ брендтік заттарды сатқан алаяқтар ұсталды

Шымкентте жоқ брендтік заттарды сатқан алаяқтар ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған. Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған.

Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. Қазіргі таңда бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

«Киберпол» бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.

Осы ретте тәртіп сақшылары онлайн сатып алу кезінде тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасауға, бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеруге, жеке деректерді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамға бермеуге шақырды.