Қызметтік ит сарбаздарға есірткі табуға көмектесті

Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісісі иттің көмегімен Петропавл тұрғынынан есірткі тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавл қаласында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында ефрейтор Сүлейменов «Диг» атты қызметтік итінің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтады.
«Қызметтік итім өткір иістерді сезу қабілетіне ие, бұл жолы да күдікті зат орналасқан жерді анық көрсетті. Бір бөлмелі пәтерді мұқият тексеру нәтижесінде ас үйдегі газ плитасының астынан өткір иісі бар ақ түсті зат табылып, тәркіленді», - деді ефрейтор Санат Сүлейменов.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:03
Ұлытау облысында заңсыз айналымнан 160 кг астам есірткі заттары тәркіленді

Бүгін, 17:13
Әуекомпания 25 мың теңгеден басталатын халықаралық бағыттағы билеттер науқанын жариялады

Бүгін, 16:16
«Арнайы рұқсаты жоқ»: елімізде жеті жеңіл ұшақтың ұшуы уақытша тоқтатылды

Бүгін, 14:19
«Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды