«Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қолға алынған жан-жақты қорғау шаралары нәтижесін бере бастады. Соңғы жылдары парк мамандарының табиғатты мұқият бақылап, жүйелі жұмыс жүргізуінің арқасында жабайы жануарлардың саны айтарлықтай көбейгені байқалады, деп хабарлады Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Экологиялық мониторинг көрсеткіштері бойынша, қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Қаратау арқары сияқты сирек кездесетін аңдардың популяциясы жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді. Мұндай жағымды өзгерістер, ең алдымен, орман қызметкерлері мен инспекторлардың тынымсыз еңбегімен тікелей байланысты. Олар заңсыз аң аулауға тосқауыл қойып, жануарлар мекендейтін ортаны сақтауға және табиғи тепе-теңдікті қорғауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.



