00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған ер адамды анықтады

14 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елордалық полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған ер адамды анықтады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астаналық полицияға белгісіз біреудің дүкен ғимаратын ашып, мүлкін ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінің арқасында 29 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды.

«Ер адам өз қылмысын мойындады. Белгілі болғандай, ол ғимаратқа еркін кіру арқылы жасырын түрде 50 қорап чипсы, 2 бөтелке виски, 15 бөтелке коньяк және 7 бөтелке арақ ұрлап алып кетіп, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген», - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің ғимаратқа пластикалық терезе арқылы кіргенін анықтады. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Заттай айғақтар алынып, дүкен иесіне қайтарылды. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға сақтық шараларын танытып, мүлкін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Дүкендер мен үйлердің терезелері мен есіктері темір торлармен және сенімді құлыптармен күшейтілуі керек. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй-жайларға бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнату қажет.