Елордада қаржылық пирамиданың басшылары сотталды
Елордалық «Antares» жалған ұйымының екі басшысына қатысты біріне 5 жыл 6 айға, екіншісіне 6 жыл 6 айға бас бостаныдығынан айыр үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың Астна қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен мүліктері тәркіленді.
Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды. Кінәлілер «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген. 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған,- деп жазды дереккөз
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім күшіне енді.