00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 18 жасар қызды өлтіруге оқталған жасөспірім ұсталды

Елордада 18 жасар қызды өлтіруге оқталған жасөспірім ұсталды
фото: gov.kz

Астанада 18 жасар қызды өлтіруге оқталған жасөспірім ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының негізінде жария етілуге жатпайды,- деп жазылған полиция хабарламасында.