Былтыр жалпы құны 36 млрд теңге болатын есірткі тәркіленді

Фото: ҰҚК
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 31 халықаралық және 27 өңірлік есірткі жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын зертхананы әшкереледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленген.
«Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады. Есірткі қылмысын жасағаны үшін 164 адам сотталды, - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Елордада есірткі таратумен айналысқан әйел ұсталды

17 қыркүйек, 2025
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды

17 қыркүйек, 2025
Петропавлда 8 млн теңгені жымқырған коммуналдық кәсіпорын басшылары сотталды

17 қыркүйек, 2025
Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде мефедрон тәркіленді