Елімізде екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болды
Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол көлік оқиғаларының басым бөлігі Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында болды.
Апаттар көбінесе қала сыртындағы жолдарда түнгі уақытта болып отыр.
ІІМ жүргізушілерді сақ болуға шақырады.
Жүргізушілердің назарына! Жолға шығар алдында сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жылдамдықты асырмаңыз, жол ережесін сақтаңыз. Шаршаған жағдайда тынығып, демалыңыз. Біздің тараптан жол ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің жұмысы жазалауға емес, сіздердің өмірлеріңізді сақтауға бағытталған, - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.