Қазақстанда айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды
9 қаңтар, 2025


Фото: freepik.com
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карта» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алаяқтар интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.
Көбінесе «дроп-карта» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған. Мұндай карта иелерінің 90%-дан астамы резидент емес - делінген агенттік ақпаратында.
«Дроптар» – бұл банктік карта мен шотты рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:23
Ақмола облысының тұрғыны жасырын марихуана өсіру зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды

Бүгін, 15:16
Шерзат Полат ісі : басты сот талқылауы қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін, 14:55
Жеті жыл бойы алимент төлемеген бес баланың анасы қарызын үйімен өтеді

9 сәуір, 2025
Шымкентте полиция зейнеткердің 46 млн теңгесін қайтарып берді