Астанада лифтте пышақ жарақатын алған бала ауруханадан шығарылады

Фото: видеодан скрин
Астанада дәрігер лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Емдеуші дәрігер Юсуп Гусейновтың айтуынша, беті пышақталған бүлдіршіннің жағдайы дұрысталып келе жатыр.
«Бүгін тігістер алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, бала белсенді. Тексерістен кейін бүлдіршінді шығару туралы ойлануға болады», – деді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастаған. Кейіннен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жасөспірімнің қайда екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

16 қазан, 2025
Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

16 қазан, 2025
Бас прокуратура интернет-алаяқтар енді мұғалімдерді нысанаға алғанын ескертті

16 қазан, 2025
СҚО-да сот орындаушылар 133,5 млн теңге табысты жасырған