00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана маңындағы өрт: Құрғақ шөп жанып жатыр

19 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана маңындағы өрт: Құрғақ шөп жанып жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

19 маусымда сағат 9.12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшелері құрғақ шөптің өртенуі туралы келіп түскен хабарламаға шықты. Келген бойда өрт сөндірушілер Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөптің өртенуін анықтады, - делінген ТЖД ақпаратында. 

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті жою жұмыстарын жүргізуде. Өртті сөндіру қатты екпінді желдің және жердің батпақтығы салдарынан сондай-ақ кірме жолдардың болмауымен қиындау түсуде.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы және Астана қаласы ТЖД техникасының 21 бірлігі, әкімдіктің 8 суару машинасы және Астана орманның 10 бірлігі жұмылдырылды.