Қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жарияланды
29 тамыз, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: ҚМА
Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.
«Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған», - деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды